Ағылшын тілі бойынша "A different language is a different vision of life" олимпиадасы

Ағылшын тілі бойынша


12.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 11 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде    ағылшын тілінен   1-курс студенттері арасында "А different language is a different vision of life" олимпиадасының екінші туры өтті.

Комиссия төрағасы Г.С. Ахетова құттықтау сөз сөйледі. "Құрметті студенттер! Ағылшын тілі біздің күнделікті өмірімізге баяу болса да сөзсіз еніп келе жатыр. Ұлтаралық қарым-қатынас тіліне ғана емес, сонымен қатар ең озық білім алудың тамаша құралына айналуда. Бұл біздің деңгейімізді көтереді және бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Бүгінгі Олимпиада тілдік кедергіні еңсеруге және ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Комиссия мүшелері А.Ж. Мырзабаева, Э. С. Алденгожаева, Т. М. Мұхтаров және Т.Е. Сапарбекова болды.

Ағылшын тілі олимпиадасының қорытындысы:

1 орын - Еңлік Милатова;

2 орын - Ансар Юсупов, Светлана Цой;

3 орын - Іңкәр Наурызбекова, Қуаныш Әбиев, Шұғыла Амангелді.

ENERGO UNIVERSITY