12.04.2022 Барлық жаңалықтар
Ұлттық ғылымның рухы! Шығармашылық және бірегей идеяларға, қызықты және лайықты жетістіктерге толы!
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Қазақстанның тарихи оқиғаларын зерттеу орталығы» 12 сәуірде Ғылым күні гугл мит платформасында Әлеуметтік пәндер кафедрасының ғалымдарының қатысуымен жүргізіліп жатқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Алматы қалалық комиссиясы жұмыстарының ең өзекті: «Алматы қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың кейбір мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Өздеріңіз білетіндей, Алматы қалалық комиссияның 9 бағыттан тұратын зерттеу топтарының құрамына кафедрамыздың 5 профессор-оқытушысы енген, 3 жұмыс тобына жетекшілік жасайды. Жұмыстың тиімді атқарылуын ескеріп, университетте «Қазақстан тарихын зерттеу» орталығын құруға қолқабыс жасалды, өткен жылдың соңында Ғылыми Техникалық Кеңесінде есебіміз тыңдалды.
Семинар барысында зерттеу бағыттарының жұмыс нәтижелері пысықталады:
1. Архивтердегі іздеу жұмысының барысы;
2. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі (комиссия) қызметін жариялау бойынша БАҚ жоспарының орындалуы;
3. Жұмыс топтарының мемлекеттік комиссияның жалпы басылымына енетін тақырыптық жинақтарды шығару туралы;
4. Өңірлік деңгейде волонтерлік жұмысты күшейту жолдары;
5. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танылған тұлғаларды анықтау мәселесі;
6. Қазақстандағы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Шараға қатысушылар Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты танысып, жұмыс топтарының жетекшілеріне сұрақтарын қойды.
Ғылыми семинарға қатысушылардың бірауыздан пікірі бойынша, ғылым ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімсіз, цифрландырусыз экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес. Қазақстандық ғалымдар маңызды мәселелерді шешуде, отандық ғылымның перспективалық бағыттарын дамытуда белсенді жұмыс жасауда. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде болашағы зор ғылыми орталықтарды қолдау, ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасау бойынша белсенді шаралар қабылдануда.
Жыл сайын ұжымымыздың ғылыми әлеуеті артып, бірқатар салаларда университет ғылыми ортада жұмысымен кеңінен танылып, ғылыми мектептер қалыптасып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, халықаралық байланыстар дамып келеді.
Ғалымның ісі қашанда қызық, қай кезде де сыйластық ұялататын еңбек. Осы атаулы күні қазақстандық ғалымдарға күнделікті тынымсыз еңбектері, жоспарлары мен жүзеге асыруларында ұлттық ғылымның рухы жүзеге асатын бірегей жобалары мен еңбектері үшін алғыс айтқымыз келеді.
Әрбір жаңа күн креативті және бірегей идеяларға, пайдалы және тамаша жаңалықтарға, қызықты және лайықты жетістіктерге толы болуын тілейміз!
Саясаттану ғылымдарының докторы, ӘП кафедрасының профессоры Алтынай Мухамбедьярова