Математикалық олимп-2022

Математикалық олимп-2022


15.04.2022 Барлық жаңалықтар


Математика және математикалық үлгілеу кафедрасы бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша жыл сайын көктемде университетіміздің 1-2 курс студенттері арасында жоғары математика пәнінен олимпиада өткізеді. «Математикалық олимп-2022» 2022 жылдың 7 сәуірінде АЭжБУ (Б-218) аудиториясында «оффлайн» режимінде өтті. Бірінші курстың 45 студенті қатысты. Олимпиаданың барлық қатысушыларына екі сағат ішінде 6 есепті шешу тапсырылды.

 Комиссия мүшелері: проф. Байсалова М.Ж. (төрайым), доцент Масанова А.Ж., аға оқытушы Төлеуова Б.Ж.

Жазбаша жұмысты қорытындылай келе, комиссия I орынды бермеу туралы шешім қабылдады. II және III орын иегерлері:

II орын - Аманбаев Береке, СИБк-21-6 группасының студенті

III орын - Сүлейменқұлова  Жарқынай, ИЭБЭк-21-1группасының студенті

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

 

 

ENERGO UNIVERSITY