Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де Электр энергетикасы бойынша Олимпиада

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де Электр энергетикасы бойынша Олимпиада


18.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 15 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде III-IV курс студенттері арасында   аралас форматта  "Электр энергетикасы" бағыты бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға қатысқан ЖОО:
1) Логистика және көлік академиясы;
2) Жәңгір хан  атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;

3) Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
4) Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
5)  Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті;
6) Қазақ қатынас жолдары университеті;
7) Қарағанды индустриялық университеті;
8)  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды  техникалық университеті;
9) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
10) Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
11) М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті;

12) Дулати атындағы ТарУ;
13) Торайғыров Университеті.

Жеке есепте жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – Карим Рашидович Темирбулатов (Торайғыров Университеті);

2 орын - Даулет Муратович Абенов  (Торайғыров Университеті);

2 орын - Глеб Евгеньевич Пичкур  (Торайғыров Университеті);

3 орын - Сәкен Жеңісұлы Жалғабаев  (Әл-Фараби атындағы   Қазақ ұлттық университеті);

3 орын - Қайрат Маратұлы Медеу (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті);

3 орын -  Фариза Асхатқызы Ғабыл - Манапова (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті).

Командалық есепте жүлдегерлер:

1 орын - Торайғыров Университеті;

2 орын - Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;

3 орын - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Ұйымдастырушы ЖОО студенттері жүлделі орындарға үміткер бола алмайды, дегенмен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері командалық есепте екінші орынға тиісті, жеке есепте үшінші орынға тиісті балл жинағанын атап өткен жөн.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!

 

 

ENERGO UNIVERSITY