АЛМАТ ОСПАНОВИЧ МУСТАЯПОВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АЛМАТ ОСПАНОВИЧ МУСТАЯПОВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


29.04.2022 Барлық жаңалықтар


29 сәуірде Математика және математикалық үлгілеу кафедрасының доценті Алмат Оспанович Мустаяпов өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Алмат Оспанович Мустаяпов 1972 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

1989 жылы Республикалық физика-математика мектебін бітіріп, сол жылы Қазақ мемлекеттік университетінің «Механика және қолданбалы математика» факультетіне оқуға түсті.

1994 жылы университетті бітіріп, механик, қолданбалы-математик біліктілігін алып, Ы. Жахаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына жұмысқа жіберілді.

1994 жылдан 1996 жылға дейін институтта «Жоғары математика» кафедрасының ассистенті, оқытушысы болып жұмыс істеді.

1996-1999 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» кафедрасы жанындағы «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.

2001 жылы «Бір қозғалмайтын нүктесі бар қатты дене динамикасының тұрақтылығы және басқару» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 

1999-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай және газ» факультеті деканының орынбасары, «Студенттердің білімін бақылау және бағалау орталығының» бас әдіскері болып жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, «Студенттердің білімін бақылау және бағалау орталығы»  бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» Қызылорда гуманитарлық-техникалық институтында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, «Тіркеуші кеңсесі» бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2011-2015 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институтының оқу бөлімінің бастығы болды.

2015-2017 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Математика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Математика және математикалық үлгілеу кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. Бакалаврларға арналған – Математика 1, Математика 2, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізеді.

Бүкіл жұмыс кезеңінде Алмат Оспанович Мустаяпов 25-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Алмат Оспанович Мустаяпов әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY