22.04.2022 Барлық жаңалықтар
Биыл "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу орны тағы да Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті болды. Бұл құрметті мүмкіндікті өткен жылғы Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ өткізген Олимпиадада біздің оқу орнының студенттері иеленген бірінші орынның арқасында иеленді.
Соңғы екі жылға қарағанда, "Автоматтандыру және басқару" бойынша ағымдағы Олимпиада офлайн режимде өтті. 21 сәуірде АЭжБУ қабырғасында өткен болашақ "автоматтандрушылар" зияткерлік дауын осы мамандық бойынша студенттерді оқытып жатқан Қазақстанның 12 университетінен командалар жүргізді. АЭжБУ – ға ұсынылғандардың ішінде еліміздің ірі жоғары оқу орындары бар:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;
- Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ);
- Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ).
Олимпиадаға келесі университеттер қатысты:
- Алматы технологиялық университеті;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
- Логистика және көлік академиясы;
- Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
- Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
- Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
- Қазақ қатынас жолдары университеті;
- Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ);
- Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті.
Қабылданған ережелерге сәйкес, АЭжБУ командасы ұйымдастырушы университет ретінде конкурстан тыс қатысты. Қазіргі "Автоматтандыру және басқару" Олимпиадасының назар аударарлық ерекшеліктерінің бірі - қатысушылар арасында қыздар санының көптігі болды. Сонымен қатар, олар басты көшбасшылар болды.
Дәстүр бойынша жеке есепте бір бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орын беріледі. Ең жоғары балл жинаған ҚазҰТЗУ студенті Әсемгүл Бектегенова. Ол бірінші орынға ие болды.
Екінші орынды ЕҰУ студенті Айым Досымбекова және ҚазҰТЗУ студенті Іңкәр Қабдолова иеленді.
Үшінші орын үшін дипломдарды Лаура Әжімахан (ҚазҰТЗУ) және Түркістаннан келген екі студент – Акрам Пазилханов пен Ернұр Қанлыбай (Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті) алды.
Командалық есепте бір бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орын берілді:
1-орын - Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ;
2-орын Ясауи атындағы ХҚТУ;
2-орын Лев Гумилев атындағы ЕҰУ;
3 -орны-Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
3-орын - Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ;
3-орын – Алматы технологиялық университеті.
- Бәлкім, Олимпиаданың басты сенсациясы қыздардың керемет өнер көрсетуі болды, олар "Автоматтандыру және басқару" сияқты мамандыққа өте жақсы бейімделгендерін дәлелдеді, - деп АЭжБУ "Автоматтандыру және басқару" кафедрасының меңгерушісі Игорь Федоренко жүлделі орындарды бөлу туралы түсінік берді. – Мысалы, ҚазҰТЗУ командасының құрамында қыздар ғана болды. Жалпы, біз олимпиаданың барлық қатысушылары құнды тәжірибе алып қана қоймай, сонымен қатар АЭжБУ-да "Автоматтандыру және басқару" білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесінде қолданылатын озық заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен қуана танысты деп үміттенеміз. Біздің университет отандық, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен интеграция, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін әрдайым ашық.
Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институты