АЭжБУ колледжі Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мерекелік концерт өткізді

АЭжБУ колледжі Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мерекелік концерт өткізді

29.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 28 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мерекелік концерт өтті.

"Құрметті студенттер, екі бауырлас халық бір-біріне қарсы тұрған соңғы геосаяси оқиғалар әлемдік тәртіптегі елеулі өзгерістерді көрсетті. Біздің біртұтас Қазақстан халқы бейбітшілік пен келісім басты ұстаным етуі тиіс. Балалар! Бір-бірлеріңізді сыйлаңыздар. Үлкендерді құрметтеп,  олардың ақыл-кеңестерін тыңдай біліңіздер! Себебі  аға буын сіздерге тек жақсылық тілейді. Сіздер - еліміздің болашағысыздар!  Жаңа Қазақстанды құратын жастар - Сіздерсіздер! Ұлы Отанымыздың бейбіт аспанын сақтаңыздар!»- деді АЭжБУ колледжінің директоры Мәлікжан Аршидинов.

Құттықтау сөзінен кейін колледж студенттері оқудағы және спорттағы жетістіктері үшін грамоталармен және сертификаттармен марапатталды. Бұдан әрі АЭжБУ студенттік клубтарына қатысушылардың музыкалық және би нөмірлері ұсынылды. Концерт халықтар достығы туралы әнмен аяқталды.