03.05.2022 Барлық жаңалықтар
25-27 сәуірде «Sustainability Living Lab: Outreach» бағдарламасы шеңберінде «Шеврон» және Назарбаев Университетінің «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры қаржыландыратын ғылыми жобалар конкурсы өтті. АЭжБУ - дан 9 өтінім келіп түсті, конкурсқа 8 жоба жіберілді. Конкурс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен АЭжБУ-дың 4 жобасы іріктелді, олардың әрқайсысы өз жобаларын іске асыру үшін 800 000 теңге мөлшерінде грант алады.
Конкурстың ұйымдастырушысы - Назарбаев Университеті.
Конкурс жеңімпаздары :
1.Ахметқалиев Рысқали. Техника ғылымдарының кандидаты, «Ғарыштық инженерия» кафедрасының доценті, Жобасы – «Пластикалық қалдықтарды кәдеге жарату және практикада қолдану»
2. Санат Төлендіұлы, «Ғарыштық инженерия» кафедрасының меңгерушісі,
Мейманкожаев Жанарыс. Жобасы – «SMART WARDROBE».
3. Мукашева Асель- «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі. Жобасы – «Smart пластикоматтар».
4. Сагындықова Шолпан «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының доценті. Жобасы – «Цифрландыру негізінде кампустардың энергия тиімділігін арттыру».