03.05.2022 Барлық жаңалықтар
Ол баста қашықтықтан оқып жатқан студенттеріміз кіндік қаны тамған отанын әспеттеп, тұрғылықты мекенінің киелі жерлерін, тарихи ескерткіштері мен көне жәдігерлерін, кешегі және бүгінгі заманымыздың ерен еңбегімен, ерлігімен танылған батырларын білсін, дәріптесін деген ниетпен бастаған едік.
Діттегеніміз техника мамандарының туған жерінің қадірін түсіну арқылы еліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, төл тарихын зерделеуге баулу, ұлттық құндылықтарды пайымдау нәтижесінде шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту еді.
Бәйгенің шарты бойынша 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін студенттеріміз эссе, тарихи зерделеу, өлең-жырлар ұсына алады дедік.
Жастардың конкурсқа түскен қасиетті ата-мекен, туған жерге сүйіспеншілікпен тербелген нәзік сезімдерге, шаттықпен өрілген тағзымдарға толы шығармаларды тебіренбей оқу мүмкін емес.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «туризм» мамандығының 3 курс студенті А.Агулова: «Менің өлкем мен үшін ең ардақты, киелі мекен. Бойыма ерекше тылсым сезім сыйлап, өмірге деген құлшынысымды арттырады. Менің туған өлкем – менің күш сыйлайтын мекенім. Бар жылуын, махаббатын сусындатқан киелі жерім. Менің жерім мен үшін қасиетті, бойыма күш- жігер, нәр сыйлайды. Жалпы Қазақстан әрбір адамына құтты орын болып саналады. Әрі қарай гүлденіп, дамуы үшін өз басым еңбек етудемін. Кішкентай болса да үлесімді қосып, артымнан аз да болса мұра, ізімді қалдырсам деймін...», - деп болашақ асқақ армандарын жайып салады.
Электроэнергетик мамандығының 3 курс (АЭжБУ) студенті Жалелова Перизат табиғаты сұлу, терең тамырлы тарихы бар Жаркенттің сырға толы қасиетті мұраларын тізіп, қазақтың бейнелеу өнерiнiң дарабозы Әбiлхан Қастеев пен «Жетiсудың бұлбұлы» Дәнеш Рақышев, айтыс өнерiнiң көгiнде жасындай жарқылдап, ағып өткен Жандарбек Бегiмбетов, палуан Нұрбақыт Теңiзбаевтың да осы жазиралы мекеннiң топырағынан жаралғанын мақтан тұтады.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, (АЭжБУ) орыс бөлімінің 1 курс студенті А.Б. Бекмамбетованың 100 тұлға додасының жеңімпазы атанған Амина Мирсакиеваның отандық жас ғалым қыздардың басын біріктіген «Kzphdgirlsunion» еріктілік жобасын пайдасы туралы баяндайды.
СИБк-21-2 тобының (АЭжБУ) студенті Баянова Альбина – «Менің туған жерім ол-Алаштың анасы деген атқа ие киелі Сыр бойындағы Қызылорда қаласы», - деп жариялай отырып, «Тұңғыш қазақ драма театрының шымылдырығы Қызылордада түрілген» қазақи өнер ордасының, «Сыр күріші – ел ырысы» болатын өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ашуға тырысқан.
РЭТк мамандығының (АЭжБУ) 2 курс студенті Тастан Ұлжан Есік аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен әсем табиғатымен тамсанса, прибор жасау тобының 2 курс студенті Балтабаев Айбек Моңғолия жерінде дүниеге келген белгілі кәсіпкер Сырымбек Таудың қайырымдық шаралары мен табысының құпияларымен бөліседі.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінен «Тарих-дінтану» мамандығының 4 курс студенті Б.Р. Қарасай қарындасымыз жастарды қиындықтарға мойымай, ел болашағы үшін «ұлы істер» жасауға үндейді.
Жас өрен болашаққа жол ашады,
Хас елміз – бізге бәрі жарасады!
Өзгемен терезе тең болуы үшін,
Жастардың қолында бар болашағы.
– деп Мағжан атасынның мақамымен өлең жолдарын қайырады.
Шығармашылық бәйгеге (конкурсқа) түскен 50 шақты жұмыс іріктеліп, 4 бағытта жазылған шығармалар арасынан 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломға лайық шығармалар анықталды.
Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2022 жылдың 17-29- аралығында (мерзімін созуға тура келді) өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасының «Қазақстанның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Ауыл – ел бесігі» тақырыптары бойынша республикалық жұмыстар (шығармалар) конкурсы қорытындысымен таныс болыңыздар!
«Қазақстаның рухани киелі жерлері»
1. Баянова Альбина Жандосқызы «АТА МЕКЕН-АЛТЫН БЕСІК»
(«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» жобасы негізінде) «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дегі СИБк-21-2 тобының студенті. - Жетекші: т.ғ.д., проф. Берлібаев Б.Т.
2. Инкарбек Лаззат «АЛМАТЫМ - БАС ҚАЛАМ!» РЭТк 21-2 - Жетекші: т.ғ.к., доцент Байдильдина С.Х.
3. Тастан Ұлжан «ТУҒАН ӨЛКЕ» «Алматы энергетика және байланыс унивеситеті» Радиотехника электроника және теллекоммуникация 2 курс Алматы қаласы - Жетекші:с.ғ.к., аға оқытушы Әбдықалық А.Ә.
«Қазақстанның сакралдық географиясы»
1. Агулова А.А «ТУҒАН ЖЕР» Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Туризм, 3 курс, Қарағанды қаласы, akku.agulova@bk.ru
Жетекшілер: Мамраева Д.Ғ. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор. Ташенова Л.В. – э.ғ.к.
2. Ерболатұлы Ернұр «ШЫҒЫСТЫҢ РУХАНИ БҰЛАҒЫ - ҚАСИЕТТІ ЫРҒЫЗБАЙ АТА». Алматы энергетика және байланыс университеті, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, 1 курс, Сибк-21-5. -Жетекшісі: т.ғ.к., доцент Кенжебеков К.К.
3. Жалелова Перизат Талғатқызы «ТУҒАН ЖЕР...» Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті. ЭЭ, 3 курс, Алматы қ. - Жетекшісі: с.ғ.к., аға оқытушы Бисенова А.З.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі»
1. Балтабаев Айбек «ІЗГІ ІСТІҢ БАСШЫСЫ» (100 жаңа есім Сырымбек Тау) Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ. ПСк-20-8. 2 курс студенті
- Жетекші: магистр, аға оқытушы Өмірбекова Ж.О.
2. Бекмамбетова А. Б. 100 НОВЫХ ЛИЦ КАЗАХСТАНА АМИНА МИРСАКИЕВА Алматинский университет энергетики и связи имени Гумарбека Даукеева. Системы информационной безопасности. 1 курс. Алматы. - Руководитель к.и.н., доцент Утегалиева А. Д.
3. Қанат М. «ЕСІМДЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ – БІРТУАР ТҰЛҒАЛАР» Алматы Энергетика және Байланыс Университеті», «Ғарыштық техника және технология», 2 курс, Алматы қаласы. - Жетекші: ф.ғ.к., профессор
Мухамеджан К.
«Ауыл – ел бесігі»
1. Батырғалиқызы Аружан «ТУҒАН ЖЕР» ТЭк-20-02. - Жетекшісі: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б.
2. Қарасай Б.Р. «Мен жастарға сенемін...» Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, «Тарих-дінтану» мамандығы, 4 курс, Көкшетау қ. - Жетекшілер: Абдрахманова С.А., аға оқ., гуманитарлық ғылымдар магистрі; Жапарова К.Г., аға оқ., ҚазССР халық ағapту iciнiң озық қызметкерi.
3. Наурызбай Аяжан «ТУҒАН ЖЕР» АЭжБУ, тобы: РЭк-20-11. - Жетекшісі: т.ғ.к., профессор Орынбекова Д.С.
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесі