«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»

«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»


24.05.2022 Барлық жаңалықтар


Қазақстанымыз «мәңгілік Ел» болсын десек әр азаматтың елге қызмет жасау құштарлығы ашылып, шынайы, шексіз сүйіспеншілігі артқан, ортақ мүддеге ұйысқан, болашағымызға сенімі нық қоғам құру болып отыр.

23 мамырда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессор-оқытушылары жоғарыдан ұсынылып отырған Ата заңымызға өзгертулерге көптің көңілі қандай, қоғамдық ғылым мамандарының не айтары бар, бастысы күтілетін өзгерістердің нәтижесі қандай болмақ деген сауалдарды таратуға дөңгелек үстелде бас қосты.

ӘП кафедрасының меңгерушісі Болат Жоламанұлы «Қаңтардың»  нәтижесінде Ата заңымыздағы орныққан президенттік билігіне ерекше мәртебе берген «қазақстандық ерекшеліктің» жаппай коррупция мен жағымпаздыққа негіз болғанын тұжырымдай келе пікір алмасуға шақырды.

Университетіміздің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Махмұтов Серик Қапанұлы конституциядағы өзгертулер ең алдымен жастардың қоғамдағы болашақ дамуына жол ашатындығын атап өтіп, дөңгелек үстел жұмысына сәтті өтуіне тілек білдірді. 

 Қазақстан педагогикалық ғылымдар академияның академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры Салқынбек Досалы Исаханұлы жоспарланған Ата  заңымыздағы өзгерістерге жан-жақты талдау жасады.

Тарих ғылымдарының докторы, ӘП кафедрасының профессоры. Берлібаев Бақдаулет Тұрбекұлының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіндегі екі жыл ішінде айтарлықтай әр саланы қамтитын ауқымды реформаларының ауқымдысы, билік пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтатын «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының жалғасы деп атап көрсетті.

Саяси ғылымдарының докторы, ӘП кафедрасының профессоры, «Аманат» партиялық ұйымының жетекшісі Мухамбедьярова Алтынай Тулеуовна Мемлекет басшысының негізгі бастамаларына тоқтала келе, саяси реформалар эволюциясы логикасын қорытындылады.

Философия ғылымдарының кандидаты, ӘП кафедрасының профессоры. Мухамеджан Куаныш Шәкіртұлы Конституциядағы өзгерістер осындай күрделі кезеңде Ел бірлігін, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін, жүйелі реформаларды әрі қарай жалғастыру қажеттігін көрсетті.

Философия ғылымдарының кандидаты, ӘП кафедрасының доценті Абрахматова Гулнар Абрайкуловна Конституцияға өзгерістерді референдум арқылы жасауы қоғамды ортақ мүддеге біріктіріп, тұтастықты нығайтады деген қорытынды жасады.

Іс-шара барысында жастар атынан Оспанов Тауекел –  ӘП кафедрасының аға оқытушысы, hD доктор, Темирбеков Айдын –университетіміздің студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы сөз сөйледі.

Жарыссөзге қатысушылар Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы тыныштық көпұлтты халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары болуына, заманауи технологияларға сүйенген гүлденген экономикаға, сыртқы саясатта тең құқылы қарым-қатынасқа негізделуі қажеттігін бірауыздан атап өтті.

Соңында халқымызды қиындықтардан сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз өскелең ұрпаққа үлгі, келер заманға дәстүрлі сабақ болсын деген тілектер айтылды.

Біз, АЭжБУ ұстаз-ғалымдары өз тарапымыздан Референдумға толықтай қатысып, таңдауымызды жасауымыз керек. «Әділетті Қазақстанның» дамуының тынысын ашайық деген үндеу қабылдадық.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ӘП кафедрасының меңгерушісі Болат Жоламанұлы

 

ENERGO UNIVERSITY