07.06.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылдың 4 маусымында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да Tamos cup республикалық турнирінде жеңімпаз атанған команда мүшесінің біріне білім грантын сыйлады.
Турнир зияттық ойын форматында өтті және Қазақстан бойынша сайысқа 5000-нан аса зияткерлер қатысты.
Марапаттау кезінде әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Махмұтов С.Қ. оқушыларды Қазақстанның жетекші техникалық ЖОО бірі АЭжБУ-ға оқуға түсуге шақырды. Сондай-ақ, ойынға қатысқан әрбір зияткердің мемлекеттік грант иегері атануға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.