Грант конкурсына құжаттарды қабылдау екі күнге ұзартылды (22 шілдеге дейін)

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау екі күнге ұзартылды (22 шілдеге дейін)

21.07.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті талапкерлер-2022!

Сіздерге грант конкурсына құжаттарды қабылдау тағы екі күнге ұзартылғанын қуана хабарлаймыз.

Осылайша, ол 22 шілдеде аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ талапкерлерге ыңғайлы болу үшін виртуалды комиссиялар арқылы онлайн-режимде құжаттарды тапсыру мүмкіндігі ұсынылды.

Қосымша ақпарат бойынша жоғары оқу орындарына хабарласуыңызды сұраймыз. Сіздерге сәттілік тілейміз!

TESTCENTER.KZ  материалы бойынша// Гранттар конкурсына құжаттар қабылдау тағы 2 күнге ұзартылды // Автор: TESTCENTER.KZ- 2022 – 20 шілдесі.