АЭжБУ студенттері «Huawei ICT Competition 2021-2022» халықаралық конкурсында лайықты өнер көрсетті

АЭжБУ студенттері «Huawei ICT Competition 2021-2022» халықаралық конкурсында лайықты өнер көрсетті

21.07.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 27 маусымында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің командасы «Huawei ICT Competition 2021-2022» халықаралық конкурсының «Practice Competition: the network Track» секциясында үшінші орынды иеленді. Біздің студенттер - Баратжанов Исламбек, Мухамедов Руслан, Савенков Илья, қысқа уақыт ішінде АКТ саласындағы жаңа теориялық және практикалық білімді меңгеріп, жоғары оқу орнымыздың абыройын асқақтатты әрі әлемнің 80 - нен астам елінің командалары қатысқан конкурста жүлделі орындарға таласты.

Біздің команданы «Huawei ICT Competition 2021-2022» халықаралық конкурсында алған жүлделі орынымен құттықтаймыз!