Абай күні құтты болсын!

Абай күні құтты болсын!

10.08.2022 Барлық жаңалықтар


Бүгін, қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туған күні.  Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры, биік мақтанышы. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген тұлға. Оның «бөтен сөзбен былғамай, сөз патшасы - өлеңмен қиыннан қиыстырған» асыл сөздері көптеген  ұрпақтың жазушылары мен ақындарына үлкен әсерін тигізіп, үлгі болды. Қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасы Абайдың мол әдеби мұрасы  тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.

Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. Тұтас көшпелі адамзат қоғамының ойшылы болған Абайдың ұлы мұраларын алдағы ұрпақтың санасына құлыптастай құдіреттеу бүгінгі буынның борышы. Қадірлі Абай бүтін бір дәуірге, адамзат ой-танымының жаңғырып  жаңарған кезеңде еліне жол сілтеген шырақшы болды. Тіпті, туған халқы ғана емес, адамзатқа ортақ жауап іздеген ол, арғы бергі дәуірдің ұлы тұлғаларымен ой арқылы тілдесті. Ұлт пен жекені адамзаттық ізгі игілікке бастау үшін де сарқылмас қазына, өшпес мұра қалдырды.

Сондықтан Абайдың қадірі мен сыр-сымбаты жыл өткен сайын арта береді. Абайға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Қазақты қамшылаған Хәкім Абай әрқашан да құрметке лайық!

Абай күні құтты болсын!

Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ ректорынын құттықтау сөзі

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Б.Ж. құттықтау сөзі

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Мухамбедьярова А.Т. құттықтау сөзі