26.08.2022 Барлық жаңалықтар
Мамандықтың беделі табиғи жылу тасымалдағыштар отын-энергетика саласының негізін құрайтындығымен түсіндіріледі, ал бұл Қазақстан экономикасының негізгі саласы.
Бұл бағыттағы түлектердің ерекшелігі – еңбек нарығындағы жоғары сұраныс.
Бағыт мұнай-газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау мұнай мен газды тасымалдау кезінде энергиямен жабдықтау саласында жоғары білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңде елімізде жаңа мұнай айдау және газ компрессорлық станциялар пайдалануға берілуде. Сондай-ақ, мұнай және газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау саласындағы мамандарға тұрақты сұраныс қалыптасатын ЖЗҚ және МӨҚ қуаттылығы артып келеді.
Бейіндік пәндер: математика, физика
Оқыту тілдері: қазақ, орыс
Білім беру бағдарламасы шеңберінде оқыту траекториялары:
Мұнай, газ және қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау және сақтау объектілерін пайдалану және қызмет көрсету;
Көлік, көлік техникасы және мұнай мен газды сақтау.
«Мұнай-газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау» ББ бойынша оқу орталықтары мен зертханалар:
«Энергия тасымалдағыштарды өндіру және бөлу жүйелері»
«Басқару жүйелерін модельдеу және зерттеу»
«Жылу технологиялық процестер және қондырғылар»
«Техникалық суды дайындаудың және мұнай өнімдерін зерттеудің физика-химиялық әдістері»
«Жылу энергетикасының конструкциялық материалдары»
«Жылу техникалық өлшеу және бақылау»
2022-2023 оқу жылына «6В07126 – Мұнай-газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау» бағытын қамтитын «В062-Электротехника және энергетика» ББ бойынша мемлекеттік гранттар бөлінді, осы мамандықты мақсатты түрде таңдаған талапкер оның иегері бола алады.