АЭжБУ бірінші курс студенттері бейімделу кезеңінде

АЭжБУ бірінші курс студенттері бейімделу кезеңінде


26.08.2022 Барлық жаңалықтар


Бағдар беру апталығы Жастар саясаты департаменті ұйымдастырған бағдарламаға сәйкес кезең-кезеңімен өтуде.

Студенттер 2 күн ішінде оқу ғимараттарының траекториясымен, университет қызметтерімен танысып, институттар дирекциясымен жеке кездесті.

Бірінші күн «Электр энергетикасы және электротехника институты» және «Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институты» факультеттерінің студенттеріне арналды.

Екінші күн «Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты» және «Ақпараттық технологиялар институты» факультеттерінің бірінші курс студенттері назарына арналды.

Таныстыру экскурсиясы бойынша келіп түскен студенттер АЭжБУ ішкі қызметтерінің толық консультациясы мен презентациясын алды:

- Офис регистратор;

- 4 институт дирекциясы;

- Кітапхана;

- Университеттің медициналық қызметі;

- Ақпараттық технологиялар департаменті;

- Академиялық ұтқырлық департаменті;

- Жастар саясаты департаменті;

- Студенттердің кәсіподақ ұйымы.

Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Абдуллина «Оңай» көлік карточкаларын беру, жатақханаға орналасу, академиялық адалдық мәселелеріне ерекше назар аударып, АЭжБУ-дағы қызықты студенттік өмір туралы айтып берді.

АЭжБУ – бұл жоғары сапалы білім алуға, қаржыландырылатын жобаларға ғылыми идеяларды іске асыруға арналған кәсіби алаң. АЭжБУ жоғары білікті техникалық кадрларды даярлауда мемлекеттің негізгі әріптесі болып табылады.

ENERGO UNIVERSITY