ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің АЭжБУ-ға сапары

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің АЭжБУ-ға сапары


27.08.2022 Барлық жаңалықтар


27 тамызда ҚР жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесуден кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне келді.

Қонақтар АЭжБУ техникалық жабдықталуымен, инновациялық зертханалармен, зерттеу орталықтарымен танысты, Қазақстанда жұмыс істейтін өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру құралдарының барлық негізгі әлемдік өндірушілерінің жабдықтары шоғырланған "Индустрия 4.0" құзыреттер орталығында болды: Schnelder Electric, SIEMENS, Honeywell, National Instruments; "Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері" Торнадо модульдік жүйелері.
"Басқару жүйесінің аппараттық және бағдарламалық құралдары" зертханасында пайдаланылатын стендтер - бұл АЭжБУ түлектерінің стартапының нәтижесі.

Кездесу барысында университет ғалымдарының ғылыми жобалары мен студенттік стартаптар таныстырылды.

Өз кезегінде министр профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен әңгімелесу барысында университет ғылымының маңыздылығы, университеттердің индустриялық серіктестермен және бизнеспен байланысын кеңейту, ҒЗТКЖ мен қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайту туралы атап өтті.

ENERGO UNIVERSITY