Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысы

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысы


27.08.2022 Барлық жаңалықтар


27 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының 20 жылдығына арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтің және ҚР жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.
Негізгі мәселелер университеттік ғылымды дамытуға, зертханалық базаны жаңарту мүмкіндіктеріне, ЖОО түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне, атап айтқанда жас компанияларды (бизнес-инкубаторлар, акселератор, технопарктер) қолдау тетіктері арқылы қатысты болды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: университеттер өңірлер мен салалар экономикасының өсу нүктелеріне айналуы тиіс. Ол үшін еңбек пен білім нарығын синхрондау қажет.
ЖОО ректорлары контингентті қалыптастыру, өңірлер мен салалардың қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын жоспарлау, ғылым және білім беру жүйесіндегі сапаны бақылау мәселелері, жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша ағымдағы проблемаларды атап өтті.
Министр еңбек нарығындағы өзгерістердің заңдылықтары мен трендтері туралы университеттерді уақтылы хабардар ету үшін жұмысының бағыты деректерді талдау негізінде тәуекелдердің алдын алуға ауысатын Министрліктің негізгі басымдықтарын белгіледі.
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің "Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр"дегендей, ғылым мен ғылыми зияткерлік әлеуетті қолдау және дамыту бағдарламаларын қаржыландыру айтарлықтай ұлғайтылатыны қуантады.
Министр атап өткен ниеттер мен қабылданып жатқан іс-әрекеттер салауатты оптимизмді қалыптастырады және университеттердің бизнеспен және мемлекетпен бірлескен жұмысына шабыт береді.

ENERGO UNIVERSITY