«AUES UNIVERSITY» youtube арнасына жазылыңыз



08.09.2021 Барлық жаңалықтар


Қызықты бейнематериалдар, өзекті сюжеттер, сараптамалық пікірлер, эксклюзивті сұхбаттар, сондай-ақ университеттің, оның жұмыскерлері мен түлектерінің Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі мен рөліне арналған бағдарламалар циклы Сіздер үшін  арнайы дайындалды.

Арна эксклюзивті мазмұнға толы. Яғни, арнадан сіз энергетика, телекоммуникация, IT-технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ғарыштық инженерия, робототехника және жасанды интеллект саласы бойынша қосымша білім ала аласыз.

ЖОО-ның бірегей зертханаларының қалай жұмыс істейтіні, қандай жабдықпен жарақтандырылғаны туралы толығырақ біліп,  көрумен қатар, оқу-әдістемелік материалдар қорымен де толық таныса аласыздар. Сондай-ақ, Қазақстанның жетекші өндірістері мен кәсіпорындары арасында орын алған байланыс пен әріптестік жайында жасалған бейнефильмдерді де тамашалай аласыздар. Айта кетер болсақ, Техникалық бейіндегі түлектер әрдайым нарықта сұранысқа ие және мамандығы бойынша тез жұмысқа орналаса алады.

«AUES UNIVERSITY» youtube арнасына https://www.youtube.com/c/AuesUniversity / жазылыңыз және университеттің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз.