Қазақстандағы білім беру иммиграциясына арналған визалардың жаңа түрлері

Қазақстандағы білім беру иммиграциясына арналған визалардың жаңа түрлері


08.09.2022 Барлық жаңалықтар


Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік бизнесмендер-инвесторлар, тапшы мамандар, жетекші шетелдік білім беру мекемелері үшін Республикада визаларды енгізу бойынша шаралар пакетін әзірледі.

Қазақстан үшін тапшы кәсіптер бойынша 100 үздік шетелдік мамандарды тарту мәселесі қарастырылатын болады. Бұл мамандардың міндеті білім трансфері және өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау болады.

Білім беру иммиграциясын дамыту мақсатында Тұжырымдамада елдің білім беру инфрақұрылымын кеңейту мәселесі қарастырылатын болады.  Оның басымдығы шетелдік жетекші білім беру мекемелерін академиялық ұтқырлық бағдарламасына тарту және қос дипломды білім беру практикасын одан әрі дамыту болып табылады.  Сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік оқытушыны және сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды тарту. Бұл ретте шетелдік ғалымдар мен оқытушылар үшін тұруға ықтиярхат, ал кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді (10 жылға дейін) «Ғылыми-педагогикалық визалар» көзделетін болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы міндетті іске асыру қазақстандық жоғары мектеп пен ғылымның беделін, қазақстандықтардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыруға және нәтижесінде Қазақстан Республикасы адами капиталының инновациялық дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді деп есептейді.

ENERGO UNIVERSITY