АЭжБУ-де «Club Fair» студенттер клубының жәрмеңкесі өтті

АЭжБУ-де   «Club Fair» студенттер клубының жәрмеңкесі өтті


09.09.2022 Барлық жаңалықтар


Шараны АЭжБУ Студенттер кәсіподақ ұйымы дайындады. 

Студенттік клуб құрамында - 13 бірлестік қатысты: Ұйымдастырушы сектор, Children Charity Club, Ұлағат, Еріктілер лигасы, Жайдарман, Aues Dance Club, Energo DC, UNIX, Sci.engine, Studia 315, Whymper, Mars, Қос Алқа. 

Жәрмеңге  АЭжБУ-дың оқудан тыс өмірімен толығырақ таныстыру мақсатында жыл сайын бірінші курс студенттері үшін өткізіледі. 

Жәрмеңкеде барлық клубтар өздерінің интерактивті бағдарламаларымен өнер көрсетті. Жарқын студенттік өмірге бойлағысы келген барлық студенттер өздерінің қалаған бірлестіктерінің құрамына жазыла алды. 

Осынау жылы шуақты к.нде көптеген бірінші курс студенттері өз қызығушылықтары бойынша таңдау жасап, пікірлестерінің жаңа командасына қосылып, энергияға толы ұмытылмас эмоциялармен бөлісті. 

"АЭжБУ"-де 18 ресми студенттер клубы бар, ол жерде студенттер тың идеяларымен бөлісіп, оларды жүзеге асыра алады. Өздерінің интеллектуалды және көшбасшылық қасиеттерін дамытады. 

Әр студент біздің клубтардың бірінде өз орындарын тауып, студенттік өмірлерін жарқын түске бояйды деп үміттенеміз! 

ENERGO UNIVERSITY