«Қазақтелеком» АҚ: АЭжБУ – IT және телекоммуникациялар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі стратегиялық серіктес

«Қазақтелеком» АҚ: АЭжБУ – IT және телекоммуникациялар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі стратегиялық серіктес

13.09.2022 Барлық жаңалықтар


Бүгін ҚР бас ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» АҚ-мен Меморандумға қол қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі қалаларын  жоғары жылдамдықпен деректерді берудің сандық ағындарымен байланыстыратын транспорттық оптикалық-талшықты сақина болып табылатын ұлттық ақпараттық супермагистраліне ие телекоммуникациялық компания болып табылады.
Келіссөздер барысында персонал жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі Берік Әбдімәжитұлы Битабаров «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ телекоммуникация, IT-технологиялар, ғарыштық инженерия, робототехника және жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау бойынша стратегиялық әріптес болып табылатынын атап өтті.
Тараптар бакалавр және магистратура резервті кадрларын даярлау, тағылымдамалар, өндірістік практика, тар бейінді мамандықтар бойынша оқыту, дипломдық жұмыстарды басқару, бірлескен іс-шараларды (симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, Бос орындар жәрмеңкесі) өткізу және ұйымдастыру, түлектер рекрутингі бойынша ынтымақтастықтың бірқатар негізгі бағыттарын айқындады.  
АЭжБУ түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екендігіне мысал ретінде «Қазақтелеком» АҚ жұмыскер тәжірибесін басқару қызметінің қазіргі менеджері Аида Штунь біздің университеттің түлегі және оқытушысы болып табылатындығын айтуға болады.
Қол қойылған Меморандум біздің үздік түлектерімізге практикалық тәжірибе алуға және тұрақты еңбекақысы бар жұмысқа орналасуға кепілдік береді.

«Қазақтелеком» АҚ өкілдері:

Берік Бибатаров - персонал жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
Павел Летута - жұмыскер тәжірибесін басқару қызметінің басшысы;
Аида Штунь - жұмыскер тәжірибесін басқару қызметінің менеджері;
Жандос Бимендеев – «Еmployee Ехрегіепсе» директоры;
Ерасыл Амандықов - қызметкерлер жөніндегі бас менеджер;
Әсел Әлімова - коммуникация департаментінің бас менеджері.

АЭжБУ өкілдері:

Сергей Коньшин - Академиялық қызмет бойынша проектор;
Арман Көмекбаев - Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі;
Зере Уржанова – Мансап орталығының жетекшісі;
Әлия Бақтыгереева - баспасөз хатшысы.