IT бағыттарына оқуға түсушілердің НАЗАРЫНА!

IT бағыттарына оқуға түсушілердің НАЗАРЫНА!

13.09.2022 Барлық жаңалықтар


2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілетінін хабарлаймыз.

Соған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-да Математика-Информатикадан» тест тапсырады.

ҰБТ-ның барлық бейіндік пәніне ұқсас Информатика бойынша да тестің құрылымы 35 тест тапсырмасынан тұрады.

Максималды балл – 45 (бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау ұсынылған).

Сіздерге сәттілік!