22.09.2022 Барлық жаңалықтар
Сайлауды өткізу Конституцияға Қазақстан Президенті жеті жылдық бір мерзімге ғана сайлана алады деп түзетулер енгізілгеннен кейін шешілді.
Алдағы Президенттік сайлау - бұл саяси реформалар бағытының қисынды жалғасы.
Алдағы сайлау - соңғы үш жылдағы саяси реформалардың іс жүзінде жүзеге асуы. Осылайша, сайлау еліміздің бүкіл саяси жүйесін кезең-кезеңімен қайта жүктеуді бастайды.
Мемлекет басшысы айтқандай, әділ Қазақстанды құру жолында кешенді реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенімді мандаты қажет. Ал жаңа мандат әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін қажетті түбегейлі және жан-жақты реформаларды іске асыру үшін керек.
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу пайдасына әлемдік экономиканың геостратегиялық шиеленісі мен турбуленттілігінің артуы салмақты фактор болып табылады.
Саяси жүйені қайта жүктеу қазіргі заманның барлық сын-қатерлеріне тұрлаулы саяси модельді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алдағы сайлау елдің Таяу жылдардағы тұрақтылығын қамтамасыз ету және байқалған даму қарқынын сақтау үшін қажет.
Бір реттік мерзімге Президент сайлауы - бұл мемлекеттік жүйені толығымен қайта жүктеуге мүмкіндік беретін және әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жаңа саяси бағытты нығайтуға ықпал ететін жаңа демократиялық механизм.