26.09.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті PlastNet желісімен бірлесе отырып , Алматы қаласының және планетаның экологиясына қамқорлық жасай отырып, өзінің кампустарында қалдықтарды бөлек жинауды енгізеді. "Қалдықтарды бөл - біздің планета жалғыз!" жобасын жүзеге асыру үшін қайталама шикізатты жинаумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындар тартылды.
Студенттер арасында экологиялық сауаттылықты және экологиялық дағдыларды қалыптастыру үшін PlastNet желісінің қолдауымен қалдықтарды (пластик, шыны, алюминий және қағаз) бөлек жинауға арналған 111 мамандандырылған эко-бокстар орнатылды. Жақын арада барлық студенттер мен оқытушылар бөлек жинау ережелеріне оқытылады. Жүйенің тұрақтылығын бақылау мақсатында эко-клуб құрылады, оған қатысушылар экология саласындағы білімдерін кеңейте алады.