4-ші премьер министрі туралы деректі фильм шықты

4-ші премьер министрі туралы деректі фильм шықты


27.09.2022 Барлық жаңалықтар


Мемлекеттік жоба «Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау» бойынша университеттер, түрлі ғылыми мекемелер, әрі республика көлемінде бірқатар жиындарға қатынасу, қолқабыс беру, жоспарланған кей іс-шараны ұйымдастырған екенбіз. Қазақ радиосының шақыруымен 2 сұхбат, теледидарға 4 сұхбатымыз шыққан екен. Оның ішінде зерттеуімізге қатысты 3 деректі фильм түсіруге ат салысыппыз.

Әрине мұның бәріне Алматы қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның тобындағы зерттеу жұмыс сеп болуда. Жаз бойы Астанадағы ҚР Президентінің тапсырысы аясында құрылған жұмысты үйлестіруші «Рухани жаңғыру» кеңсесінің өтінішімен  байларды тәркілеу, астық-ет дайындау науқандары, ұжымдастыруға қатысты тың құжаттарды іріктеумен айналыстық. 1937-38 жылдардағы тергеу істерін де ақтаруға тура келді.

Осынау комиссия құрамындағы зерттеу жұмысының жемісі кеңестік дәуірінде ірі қызметте жүріп, жазықсыз құрбан болған тұлғаларға қатысты деректермен қоржынымыз да молая түсті...

Маусым айында (2022 жыл) Алматы энергетика және байланыс университетінің кіші Ғылыми кеңес залында «31-ші арнаға» тарихи деректік фильмге сұхбат берген болатынбыз. Жақында «31 арна» телеканалының түсірген Қазақ үкіметін ұзақ жылдар басқарған тарихи тұлға Нығмет Нұрмақовқа арналған деректі фильмі жарыққа шығыпты.

Сілтемесін беріп отырмыз, танысыңыздар: https://youtu.be/nNPPscdcQg4

ӘП кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Б.Ж.

ENERGO UNIVERSITY