Дәстүрлі «Он күндік» мәресіне жетті

Дәстүрлі «Он күндік» мәресіне жетті


29.09.2022 Барлық жаңалықтар


Биылғы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 1-ші курсына оқуға түскен студенттердің дәстүрлі «Он күндігі» аясында білім бәсекесі жарыс түрінде өтіп, нәтижесі қорытындыланды. Жеңімпаздарға марапат көрсетілді. Оза шапқан қабілетті, белсенді жастар көзге түсті, танылды.

Ұйымдастырушылардың дамылсыз еңбегінің қайыры сол: Тәрбие ісі департаменті, студенттер кәсіподағының жан-жақты ойластырып, үйлестіріп, ортақ нәтижесін жария етті.

«Он күндік» бәйгесіне түскендері 1-ші курста оқылатын қоғамдық пәндер физика, математика, информатика, тілдер, тіпті кітапхана да араласты, ішінде біздер «Қазақстан тарихы», «Дене шынықтыру» да бармыз. Әр кафедра студенттерге білім сайысының қисынды тәсілін ұсынды: олимпиада, тест сұрақтарына жауап беру, тілдік деңгейлер сияқты күрделі кезеңдерден тұрады.

Біздің шартымыз: студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Бабалар рухани мұрасы» тақырыптық жобасы бойынша шағын жұмыстар орындау, яғни туған өлкесінің киелі жерлері, мұражайлары мен ескерткіштері, көрнекті қайраткерлер мен еңбегі сіңген тұлғалар туралы эссе жазу немесе бейне роликтер түсіруді ұсындық.

Көздегеніміз: шығармашылық арқылы жастардың ұлтжандылық санасын қалыптастыру; өлкетанушылық тарихи-іздестіру жұмыстарын жандандыру; ғылыми ізденіс тәжірибелерін жинақтауға баулу; шежіре, ұлттық құндылықтарды зерделеу арқылы ел тарихына қызығушылықты ояту еді.

 Он күндік уақыт аз, сөйтсек те кіндік қаны тамған мекенін әспеттейтін, жәдігерлері мен өлкесінің еңбегі-ерлігімен танылған тұлғаларын дәріптейтін жастарымыз баршылық екен...

Шығармашылық бәйгеге (конкурсқа) 40 шақты жұмыс түсті, бағаладық, іріктедік, 4 бағытқа бөліп сараптадық. 1-ші, 2-ші, 3-ші деңгейдегі марапатқа лайық шығармаларды анықтадық.

Жұмыстардың таңдаулы нұсқаларын Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің сайтына шығарамыз.

Төменде Әлеуметтік пәндер кафедрасының «Бабалар рухани мұрасы» бойынша төрт бағыттағы үздік деп санаған студенттік жұмыстардың жариялап отырмыз. Ескертеміз, біз үшін бәрі де жеңімпаз!

Белсенді қатысушылардың бәрін «Рухани жаңғыру» аясында жобалаған қасиетті жерлер Таңбалы тас, Есік қорғаны, Шарын ұлттық паркіне апаруды студенттер кәсіподағы өз мойнына алып отыр.

Қоса кетейік, дене шынықтыру пәні бойына АЭжБУ спорт кешенінің базасында футбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмат, армрестлинг, гір көтеру түрлері бойынша жарыстар өтті. Атаулы шараларға 1 курстың 240 студенті қатынасыпты. Оның да нәтижесін беріп отырмыз.

Сонымен жүзден жүйрік жеңімпаздармен таныс болыңыздар!

«Бабалар рухани мұрасының» 4 бағыты бойынша:

«Қазақ елінің тарихи тұлғалары»

1. Муратбеков М.М. «Абай облысының көрнекті қайраткерлері мен еңбегі сіңген тұлғалары» Мамандық: ЭЭСк. Курс 1 Семей қаласы. Жетекші: доцент Байдильдина С.Х.

2. Маматкаримова Д.Э. «Великий Учитель нации». - СИБ-22-15 г. Алматы. Жетекші: прфессор Мухамбедьярова А. Т.

3. Еремеев М. «Подвиги и мемориалы великих батыров  Казахстана», АУ-22-8, г.Алматы. Жетекші: доцент Утегалиева А.Д.

«Өлкеміздің рухани киелі жерлері»

1. Сабит Айдана «Киелі  жерлер –бірлік пен жаңғыру нышаны», РЭТ-22. Жетекші: аға оқытушы Әбдіқалық А.Ә.

2. Жұмабай Айдана «Ақсай-Бөрлі ауданының жүрегі», ЭЭСк-22-2. Жетекші: доцент Байдильдина С.Х.

3. Пак Л.А. «Краеведение Алматы», СИ-22-2. Жетекші: доцент Утегалиева А.Д.

«Қазақстанның сакралдық географиясы»

1. Сағитов Б.А. «Край, где мне дорог все», СИБ-22-13. Жетекші: профессор Мухамбедьярова А.Т.

2. Жарош Мади «Сарайшық – Ұлық ұлыстың бір бөлшегі», ЭЭк-22. Жетекші: доцент Апашов С.Б.

3. Ким Расул «Малые города - фактор возрождения». Жетекші: доцент Шаракпаева Г.Д.

«Ауыл – ел бесігі»

1. Жамалханов Ералхан «Ауылым – ыстық мекенім!», РЭТк-22-5. Жетекші: профессор Орынбекова Д.С.

2. Серикова А.Р. «Бабалар мұрасы- асыл қазына», ИСк-22-4. Жетекші: аға оқытушы Абуханов Ш.

3. Нұрболқызы Ақниет «Бақанас-ауылым бесігім»АУк-22. Жетекші: доцент Раджапов А.У.  

Спорттық шаралар бойынша мақтау қағаздары, медальдармен марапатталғандар:

Футбол жарысы оқытушы Т.Тамабердиев

1 – орын: «Перваши» командасы (Серікбек Нұрғиса СИБқ-22-2, Иманбеков Алмас РЭТ-22-6, Сансызбай Абзал КТТ-22-1, Римахунов Дияр ЭЭ-22-9, Кәріпбеков Алдин СИБқ-22-2, Максимов Нұрлан ЭЭк-22-7)

Бадминтон - оқытушы Тұраров Е.

1 – орын: Сатильханов Эльдар ЭЭК-22-2

2 – орын: Жанасбек Жанас ЭЭК-22-4

3 – орын: Мәдиұлы Дәурен КТТқ-22-1

Үстел теннисі - оқытушы А.Катанаев.

1 – орын: Абат Аманат КИ-22-2

2 – орын: Сателхан Эльдар ЭЭК-22-2

3 – орын: Арыстанбек Бисұлтан СИБк-22-2

Шахмат - оқытушы А.Катанаев

1 – орын: Алдарганов Арман ЭЭСк-22-1

2 – орын:  Жайлаубек Мұхамедсана СИк-22-2

3 – орын: Қадырханов Ернар ЭЭС-22-3

Армрестлинг - оқытушы Қ.Рымқұлов

(75 кг дейін) 1- орын: Кулбош Мағжан ИСк-22-1

2 - орын: Аманкелді Мағжан АУк-22-2

3 – орын: Ергеш Шәкен ПИк-22-1

(75 кг жоғары) 1 - орын: Махамбетов Рамазан тобы Аук-22-2

2 – орын: Караев Аслан Сибк-22-9 тобы

3 - орын: Тоқан Абылай тобы ЭЭук-22-1

Гір көтеру - аға оқытушы Қ.Ермолаев

1 – орын: Аракулов Ринат Про Гик-22-1

2 – орын: Сатиханов Эльдар ЭЭК-22-2

3 – орын: Қайырлы Досымхан БЖДк-22-1 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесі

ENERGO UNIVERSITY