ҒАЗИЗА ІЛИЯСҚЫЗЫ ӘБДИЕВАНЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҒАЗИЗА ІЛИЯСҚЫЗЫ ӘБДИЕВАНЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


11.10.2021 Барлық жаңалықтар


11 қазан күні «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ғазиза Ілиясқызы Әбдиева 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Ғазиза Ілиясқызы Әбдиева 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетін бітірген. 2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасын бітіріп, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

1994-2017 жж. Қ.І.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың әлеуметтік пәндер кафедрасында «ҚазҰТУ-дың доценті» академиялық атағымен аға оқытушылық қызметін атқарды.

Ал 2017-2021 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

Ғ.І. Әбдиева 120-дан астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы (ағылшын тіліндегі шетелдік басылымдар: Австрия, Чехия, Ресей). «Инженер іс-әрекетінің педагогикасы мен психологиясы» атты электронды оқулығының бірлескен авторы. «Жасөспірімдік кезеңдегі жеке тұлғаның әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» атты қөлемді монографияның авторы.

Ғ.І. Әбдиева тренингтер мен жеке тұлғалық, отбасылық кеңестер өткізу бойынша практикалық тәжірибесі бар білікті маман. Жасөспірімдер психологиясының өзекті мәселелері бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларға белсенді қатысып келеді.

Ғазиза Ілиясқызы Әбдиева 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді. Бакалавриаттарға психология курсынан дәріс береді. Психология курсын құру барысында практикалық психологияның негізгі бағыттарын және алынған дағдыларды болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекетінде қолдануды ескере отырып жүзеге асырады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық, барлық жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейді! Сіздің біліктілігіңіз бен адалдығыңыз елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!