30.09.2022 Барлық жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 28 және 29 қыркүйегінде Елоларда «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы бір алаңда қазақстандық және халықаралық IT-қоғамдастық өкілдерін жинады. Форумға 200-ден астам спикер, 300 IT-компания, 15 қатысушы елден 100 әлеуетті серіктес қатысты.
IT-саласы көшбасшыларының жарқын баяндамалары, 60-қа жуық панельдік пікірталастар, өзекті тақырыптар, көрмелер мен тақырыптық аймақтар бойынша сұхбаттар ұйымдастырылды.
Панельдік сессиялар өте қызу өтті:
- «Бірыңғай цифрлық экожүйе: артықшылықтар мен сын-тегеуріндер», онда түркі мемлекеттерінің технологиялық үйін құру, түркі елдерінің «Цифрлық жібек жолы» инновацияларының цифрлық каталогын құру туралы мәселелер талқыланды;
- «Қазақстандағы GovTech-ті дамыту: бизнеспен ынтымақтастық» тақырыбында Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық үкімет пен бизнестің одан әрі ынтымақтастығы туралы кеңес берді;
- «Defense Tech» қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы Скаутинг», оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев қатысқан, онда «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ цифрландыру жөніндегі Орталық Азия сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы технологиялық міндеттерге сәйкес нақты шешімдер мен жобаларды іздеу үшін скаутинг жүргізген.
Іс-шараның негізгі спикерлері: «in Driver» негізін қалаушы және бас директоры, «Якутскіден Кремний алқабына дейін» бестселлерінің авторы Арсен Томский, Huawei Еуразия аймағының президенті Даниэль Чжоу, TikTok Вице-президенті Тео Бертрам, Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе және басқалары.
Университет атынан Ақпараттық технологиялар институтының директоры Әлия Досжанова, «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы, АЭжБУ докторанты Сырым Сейдазимов, ғылым және коммерцияландыру департаментінің инновациялық қызмет жөніндегі маманы Айдана Ілиясова жіберілді.
Дәстүрлі түрде Digital Bridge алаңында технологиялық стартаптар Astana Hub Battle-де екі күн бойы жарысты. Биылғы жылы АЭжБУ-дан Astana Hub Battle-ге қатысуға екі өтінім берілді, оның ішінде финалға өтіп, ПСК 19-1 тобының студенті Асан Хасанов пен ПСК 19-2 тобының студенті Әлішер Динтаев докторант Еркебұлан Нұрғизаттың басшылығымен таныстырылды.