03.10.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде өткен 1-ші курс студенттерінің "он күндігі" (декада) аясындағы жеңімпаздарды қазанның 2-сі күні Тамғалы тасқа апардық.
Тамғалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.
Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан.
Біздің жыл санауымызға дейінгі 2 мың жылдықта тасқа қашалған петроглифтер галереялары (5000-н астам суреттер) және діни құрылыстар (құрбан шалынатын жерлер) түрлі кезеңдегі жүзге тарта ескерткіштерден тұратын қорық бірегей археологиялық кешен болып табылады.
Тамғалыда жабайы қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және балабан, сұңқар, дала бүркіті сынды құстарды кездестіруге болады. Бәрінен де адам қолынан туындаған Тамғалы адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген.
Ашық аспан астындағы көне жәдігерлерді тамашалаған студенттер өз пікір-ойларымен әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.