11.10.2021 Барлық жаңалықтар
11 қазанда Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Жұмахан Ақылбайұлы Әбіров өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Жұмахан Ақылбайұлы Әбіров 1952 жылы 11 қазанда Талдықорған облысы Гвардейск ауданы Сарыбұлақ совхозында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
1960 жылдан 1970 жылға дейін Сарыбұлақ орта мектебінде білім алған. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және есептеу техникасы факультетіне электрондық есептеу машиналары мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1975 жылы бітірген.
1975 жылы Алматы қаласының Калинин аудандық әскери комитеті КСРО Қарулы Күштері қатарына міндетті әскери қызметке шақырылып, 89441 ә/б ауысым бастығы ретінде қызмет атқарған. Запастағы аға лейтенант-инженер қазір отставкада.
1977 жылдың қыркүйегінен 1991 жылға дейін КОКП мүшесі болған, №17357822 партия билеті. Партиялық жазалары жоқ.
1977 жылдың қыркүйегінен 1981 жылдың тамызына дейін ҚазКСР Мемкоммұнайөнімдері есептеу орталығында (Қазглавнефтеснаб) инженер-математик-бағдарламашы, инженер электроник, техникалық қызмет көрсету бөлімінің ЭЕМ ЕС-1020 машинасының бастығы болып жұмыс істеген.
1981 жылғы тамыздан 2004 жылғы қаңтарға дейін ҚР Ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Кызметін Ішкі істер органдарында радиоэлектроника бойынша аға инженер лауазымынан бастаған. Соңғы атқарған қызметі ҚР ІІМ техникалық қызмет департаментінің бастығы.
2004 жылдың наурызынан 2006 жылдың наурызына дейін ҚР БҒМ "БТМСҰО" РМҚК шаруашылық бөлімінің бас маманы, бастығы болып жұмыс істеді.
2006 жылдың наурызынан 2006 жылдың шілдесіне дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ДОП-тың бас маманы болып жұмыс істеген.
2007 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы лауазымында жұмыс істеп келеді.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!