ЭМЭЖ кафедрасының күні

ЭМЭЖ кафедрасының күні


19.10.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 12 қазанында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің №2 жатақханасында студенттермен кездесу өтті!

Көңілді кештің тақырыбы - «ЭМЭЖ кафедрасының күні»! кездесуге оқытушылар құрамы, студенттер, тіпті қызығып кеткен жатақхана қызметкерлері де қатысты.

Кафедра меңгерушісі Шыныбай Ж.С. құттықтау сөзден кейін, студенттеріміздің үздік техникалық университетке түсіп, сол университетте білім алып жатқанын, олардың әрқайсысының #АЭжБУТұлғасы екенін атап өтіп, студенттерге ақыл-кеңесін айтты. Кафедра және студенттер өздерін нағыз шығармашылық, ұйымшыл ұжым ретінде көрсетіп, барлығына өздерінің зейінін аудару, супер креативтілік пен шешім көрсету қабілеттерін көрсетті! Осы үшін барлық студенттерге және оқытушыларға алғыс айтқым келеді! Бізді алда жаңа жеңістер күтіп тұр! Біз тағы да алдымызға өршіл мақсаттар қоямыз, олардың бірі – бәсекеге қабілетті түлектер! Ал ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін өздеріңіз білесіздер, оқу, оқу және оқу керек!

Сондай-ақ, 3 командаға бөлінген кеш студенттері интеллектуалдық сайысқа қатысты. Нәтижесінде №2 команда жеңіске жетті, осы орайда оларды тағы да құттықтаймыз! Кафедра атынан оқу барысындағы бағалары нәтижесі бойынша (90% және одан жоғары) екі студент АЭжБУ фирмалық кәдесыйларына ие болды.