АЭжБУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТИМБИЛДИНГТІҢ ҚАЛАЙ ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ

АЭжБУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТИМБИЛДИНГТІҢ ҚАЛАЙ ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ


19.10.2022 Барлық жаңалықтар


16 қазанда «Тау Тұран» білім беру-сауықтыру орталығының базасында таза ауада бірге университет қызметкерлері мен ОПҚ үшін көркем табиғатпен ұштастырылған тимбилдинг өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты - қызметкерлер арасындағы ұйымшылдық пен сенімділікті нығайту, бір-бірінің жеке ерекшеліктерін түсіну және қабылдау, бірлескен іс-әрекетке ынталандыру, жоғары тиімді бірлескен қызметтерді қалыптастыру, қатысушылардың ұйымға деген адалдығын арттыру.

Тимбилдинг басында байқалған қатысушылардың қатыңқы қабақтары мен көңіл-күйлері демалыс барысында бұлт астынан шыққан күндей жайнап шыға келді. Бір-біріне жылулықпен қарап, бір үйдің баласындай қуаныш сыйлай білді.  

Тимбилдинг қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар, әсерлер мен керемет көңіл-күй сыйлады. Барлығы қызықты командалық білім беру ойындарына қатысып, күйбелең тіршіліктен кішкене қол үзіп, демалып қайтты.

Өткізілген тимбилдинг шарасы ұжымды одан әрі біріктіріп, жеке ерекшеліктері мен команда қатысушыларының дара мүмкіндіктерін ашып көрсетуге септігін тигізді.

 

ENERGO UNIVERSITY