27.10.2022 Барлық жаңалықтар
25 қазан Республика күніне орай, студенттерді өз Отанын сүюге,
Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, ұлттық құндылықтары мен
мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу
мақсатында, әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушылары
А.Ә.Әбдіқалық пен А.З. Бисенованың ұйымдастыруымен, 2022 жылдың 21
қазанында (№1 ші жатақханада) РЭТк-22-1,2,4 тобының студенттерінің
қатысуымен (офлайн) дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға студенттер белсенді түрде қатысып, «Қазақ ССР-
інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының мәні мен мазмұны»,
«Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан», «Патриотизм - ұлттық рухтың асқақ
белгісі» және т.б.тақырыптарда баяндамалар жасалып, еліміздің маңдай
алды ақындары М.Мақатаев, Ж. Нәжімеденов және М. Шахановтың Отан,
туған жер туралы өлеңдері жатқа айтылды. Баяндамаларда нақты деректі
мысалдармен, жан-жақты талқылап, аталған күннің мәні мен маңыздылығы
туралы өз көзқарастарын білдіріп, пікір алмасулар болды.
Жалпы Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өту
жетістіктерді, алда тұрған міндеттерді зерделеу үшін қажет деп ойлаймыз.
Сондай-ақ, егемендіктің мәнін ұлттық зерде биігінде ұғынуға жетелейді.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұл күн елдің мемлекет құру
жолындағы тарихи қадамдарының символы болуы қажет.
ӘП кафедрасының аға оқытушылары Әбдіқалық А.Ә., Бисенова А.З.