СЕЙІТКЕРІМ БИМУРЗАҰЛЫ БИМУРЗАЕВТЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

СЕЙІТКЕРІМ БИМУРЗАҰЛЫ БИМУРЗАЕВТЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


05.11.2022 Барлық жаңалықтар


«Физикалық электроника» мамандығы бойынша физика-математика
ғылымдарының докторы, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және
байланыс университетінің IT-инженеринг кафедрасының профессоры
Сейіткерім Бимурзаұлы Бимурзаев 5 қарашада 80 жылдық мерейтойын
атап өтеді.
100-ден астам ғылыми жұмыстар және өнертабыстар мен
компьютерлік бағдарламаларға арналған 10-нан астам патенттік құжаттар,
оның ішінде Scopus және Web of Science базасына енгізілген 30-дан астам
мақаланың авторы, Ғылым және өнертабысқа 4 халықаралық өнертабыс
және Web of Science және Scopus деректер базасы бойынша Хирша индексі
4-ке тең ғалымның ғылыми қызығушылықтар саласы – электронды
микроскопия және ұшу уақытының масс-спектрометриясы.
Оның жетекшілігімен «Физикалық электроника» мамандығы
бойынша 2 физика-математика ғылымдарының кандидаты дайындалды.
Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Ядролық физика
институтына жіберіліп, онда 10 жыл (1969-1979ж.) еңбек етті,
аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғады.
Сейіткерім Бимурзаұлының еңбек жолы 1980 жылы басталды және
негізінен үш университетпен байланысты:
1. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – 1980-1995 ж.
2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 1995-2003 ж.
3. Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ – 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
С.Б.Бимурзаевтың ғылыми қызметі ұдайы Ядролық физика
институтымен байланысты болды. Ол педагогикалық және ғылыми-зерттеу
қызметін табысты үйлестірді: 2001-2006 жылдары осы институтта аға
ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, докторлық диссертациясын
қорғады (2005 ж.), ҚР БҒМ ҒК гранттық қаржыландыру бойынша 2
жобасының бірлескен жетекшісі болды (2012-2014 ж. және 2015-2017ж.).
Оның ғылыми қызығушылықтары ұшу уақытының масс-спектрометриясы
және электронды микроскопия болып табылады. С.Б. Бимурзаевтың соңғы
жаңалықтары рұқсат ету қабілеті мен сезімталдығы сияқты айтарлықтай
жақсартылған сипаттамалары бар әлемдік аналогтардан ерекшеленетін
ұшу уақытының масс-спектрометрлері мен электронды микроскоптарды
құруға негіз болады.
С.Б. Бимурзаев «Nucl. Instr. Meth. Phys. Res. A (Elsevier)», «Int.
journal of mass spectrometry» (Elsevier)», «Microscopy and Microanalysis
(Cambridge University Press)», «Microscopy (Oxford University Press)»,
«Technical Physics Letters (Springer)», «Technical Physics (Springer)» секілді
беделді журналдарға жарияланған ғылыми еңбектері арқылы әлемді
мойындатты. Электрондық айналардың сфералық аберрация
коэффициентінің формулалары зарядталған бөлшектердің оптикасы
туралы анықтамалыққа «Handbook of Charged Particle Optics, Second

Edition (CRC Press, Francis & Taylor Group,АҚШ)- 2009» және «Hawkes P.,
Kasper E. Principles of Electron optics, 2nd edn., Vol. 1. (Academic Press,
London) - 2018» монографиясының бірінші томына енді
Халықаралық ынтымақтастық:
 С.Б. Бимурзаев 1998 жылы Лаваль университетінің (Квебек, Канада)
шақыруымен аспиранттар мен зерттеушілерге арналған «Электрондық
айналардың теориясы мен есебі» дәрістер курсын оқыды.
 «Shimadzu Research Laboratory (Europe) Limited, Manchester, UK»
компаниясымен келісімшарт бойынша ол эмиссиялық электронды
микроскоп үшін аберрациялық корректорды құрастырды және
есептеді.
С.Б. Бимурзаев таяу және алыс шетелдерде зарядталған бөлшектердің
оптикасы бойынша 15 халықаралық конференцияда баяндама жасады:
«Charged Particle Optics» (CPO): CPO-5, Delft, Netherlands (1998), CPO-
6, Maryland, USA (2002), CPO-7, Cambridge, UK (2006), CPO-8, Singapore
(2010), СРО-9, Brno, Czech Republic (2014), СРО-10, Майами, USA (2018).
«Теориялық және қолданбалы электронды және иондық оптика
мәселелері» тақырыбындағы бүкілресейлік семинар: 2001, 2003, 2005,
2007, 2009, 2011, 2013, Мәскеу.
VIII Бүкілресейлік конференция «Масс–спектрометрия және оның
қолданбалы мәселелері» халықаралық қатысуымен, 2019, Мәскеу.
ҚР БҒМ ҒК гранттық қаржыландыру жобаларын басқарды:
1. «Трансаксиалды электростатикалық өрістерде көп шағылысулары
бар зарядталған бөлшектердің стационарлы емес ағындарының
динамикасын зерттеу» (2012 - 2014 ж ., Ядролық физика институты,
тең жетекші);
2. Жоғары дисперсті электростатикалық электрондық айналардың
фокустау сапасын зерттеу » (2013-2014 , АЭжБУ, жетекші);
3. «Ұшу уақытындағы масс-спектрометрия үшін стационарлы емес
зарядталған бөлшектер ағындарын басқарудың жаңа
корпускулярлық-оптикалық жүйелерін әзірлеу» (2015 - 2017ж.,
Ядролық физика институты, тең жетекші);
4. «Электростатикалық айналардағы және эмиссиялық жүйелердегі
электронды сәулелердің кеңістіктік және уақыттық фокусталу
сапасына релятивистік әсерлердің әсерін зерттеу» (2018 - 2020,
АЭжБУ, жетекші);
5. №AP08855808 «Электростатикалық линза-айна жүйелеріндегі
релятивистік энергиялардың электронды сәулелерінің фокустау
және аберрациялар теориясын жасау және нақты құрылымдардың
электрондық айналарын есептеу» (2020-2022 , АЭжБУ, жетекші).
Қазіргі уақытта С.Б. Бимурзаев – Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің №AP14869293 «Жоғары ретті аберрациялардың,
релятивистік және дифракциялық әсерлердің аберрацияның линза-айна
түзеткіштерінің фокустау сапасына әсерін зерттеу» жобасының жетекшісі
(2022-2024 ж., АЭжБУ, жетекші).

Сейіткерім Бимурзаұлы Бимурзаев «ГОЭЛРО жоспарына 100
жыл» медалімен (ҚР ҚЭА, 2020); «Қазақстан Республикасының
ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (ҚР БҒМ,
2021); Институттың дамуына қосқан үлесі үшін «Ядролық физика
институтына 65 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (ЯФИ,
2022).
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс
университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, ашық аспан,
шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық, талантты шәкірттер
тілейді. Адал еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз!

ENERGO UNIVERSITY