Республика күніне арналған салтанатты жиын

Республика күніне арналған салтанатты жиын


25.10.2022 Барлық жаңалықтар


25 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Педагогикалық ұжым мен университет студенттері қатысқан жиын акт залында өтті. Жиналғандар алдында Алматы энергетика және коммуникациялар университетінің ректоры Сағынтаева Сәуле Саветқызы құттықтау сөз сөйлеп, университет ұжымын құттықтап, баршаға шығармашылық табыс тіледі. Жастар саясаты мәселелері басқармасының директоры Абдуллина Зарема Альфредовна жиынға қатысушыларға мерекенің тарихы туралы айтып берді. Салтанатты жиыннан кейін «Ұлағат», «Юникс», «Қос алқа», «StudiA315» студенттердің кәсіподақ комитеті мен студенттік клубтардың қатысуымен Жастар саясаты мәселелері басқармасы дайындаған мерекелік концерт өтті. Концерт бір демде өтіп, домбырашылар, әншілер, бишілер кезек-кезек өнер көрсетіп, өлеңдер оқылған сахнаға қарап бүкіл зал тамсанды. Жиналғандардың барлығына флешмоб түрінде дайындалған «Халықтар достығы» нөмірі және 25 белсенді студенттің жанды дауыста орындаған «Атамекен» қорытынды әні ерекше әсер қалдырды. Бір екпінде зал көтеріліп, спектакльді көтерді.

 

ENERGO UNIVERSITY