Университетіміздің ICT академиясы үздік 3 қатарында

Университетіміздің ICT академиясы  үздік 3 қатарында

19.01.2023 Барлық жаңалықтар


    «Huawei» компаниясының ICT академиясы – бұл «Huawei» компаниясы мен бүкіл әлем бойынша академиялар арасындағы ынтымақтастық. Осы ынтымақтастық шеңберінде Академия «Huawei» компаниясының ICT технологияларын оқыту курстарын ұсынады, студенттердің «Huawei» компаниясын сертификаттаудан өтуіне ықпал етеді және ICT  индустриясы мен жалпы қоғам үшін практикалық дағдылары бар болашақ мамандарды дайындайды. Huawei ICT  Академиясының негізгі міндеттері: ICT бойынша білім мен дағдылардағы олқылықтарды толтыру үшін ғылыми қауымдастықпен ынтымақтастық, бүкіл әлем бойынша коммерциялық емес білім беру бағдарламасын құру, ICT  саласының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін дайындық пен оқыту шешімін ұсыну, ICT  саласындағы таланттардың экожүйесін құру. ICT  технологиясын сертификаттауды ілгерілету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы таланттарды және күшті экожүйені дамыту үшін Huawei компаниясы Қазақстан университеттерін конкурсқа қатысуға шақырады.

    «Huawei ICT Қазақстан 2022-2023» байқауы Қазақстанның 12 қаласында өтті. Байқау бірнеше кезеңдерде өтті және Huawei компаниясының ICT академиялары болып табылатын 24 университеттің студенттері қатысуға шақырылды. Байқауға қатысуға 1500-ден астам студент қызығушылық танытты. 163 студент, оның ішінде АЭжБУ-дан 59 студент «Байқаудың ұлттық финалына» өтті, Huawei компаниясынан марапатталған 10 Үздік студент анықталды.

  ICT Competition 2022-2023 ұлттық кезеңінің қорытындысы бойынша университетіміздің студенттері жүлделі орындарға ие болды:

Cloud Track бағытында:

    - Мухамедов Руслан, ПС-19-4 тобы – 1-орын

    - Савенков Илья, ВТ(КИ)-19-3 тобы – 2-орын

    - Михаил Кузнецов, ИС (СМВР)-19-5 тобы – 2-орын

    - Баратжанов Исламбек, ИС (СМВР)-19-5 тобы – 3-орын

    Network Track бағытында:

    - Жиляков Николай, СИБу-21-2 тобы – 2-орын

    Біздің ICT академиямыз үздік 3 академияның қатарына енді.

    Нұсқаушылар Татьяна Викторовна Голубева және Виктор Александрович Тайлаков жұмыс сапасының барлық көрсеткіштері бойынша қайтадан үздік деп танылды.

    Белсенді қатысушылар жеке марапатталды:

    - Михаил Кузнецов, ИС (СМВР) - 19-5 тобы

    - Баратжанов Исламбек, ИС (СМВР)-19-5 тобы

    - Әміров Жомарт, ЭЭ-20-15 тобы

    - Ербосын Алмас, ИУТЭ-20-3 тобы

    Huawei АЭжБУ академиясы Huawei технологияларын кәсіби сертификаттау мүмкіндігімен тегін негізде оқығысы келетін бірінші курс студенттерін шақырады.