ENERGO CUP VI

ENERGO CUP VI

09.12.2022 Барлық жаңалықтар


3-4 желтоқсан күндері Университет қабырғасында ENERGO пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «ENERGO CUP VI» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Салтанатты ашылу рәсімі АЭжБУ Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Альфредовна Абдуллинаның сөзімен басталды. «Energo DC» клубының президенті Жамбыл Қартабай мен турнирдің бас төрешісі Нұрбек Сламғазинов жиналғандарға жігерлендіретін сөздерін арнады. АЭжБУ ADC, Unix, Double College, «Ұлағат» студенттік клубтары дайындаған шағын концерттік бағдарлама баршаға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Турнирге республиканың түкпір-түкпірінен 64 фракция қатысып, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Түркістан жігіттеріне ерекше құрмет көрсетті. Еліміздің өзге өңірлерінен келген қатысушылар төрелік ету сапасы мен турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына риза болды.

Турнир барысында американдық-парламенттік және президенттік пікірсайыс форматтары бойынша көптеген қызықты қарарлар жарияланды.

Жеңіс кубогын өз күшімен қаржыландырған АЭжБУ басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз.