ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ

ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ

03.12.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің алаңында 2022 жылдың 13 желтоқсанында «Жас қоғамды дамыту құралы ретінде «Жасыл университет» конференциясы өтеді. Конференция бағдарламасында БАҚ өкілдерін тарта отырып, баспасөз мәслихатын өткізу қарастырылған, оның мақсаты Алматы қаласының тұрғындарын жоғары оқу орындарының экологиялық қызметі туралы ақпараттандыру болып табылады. Конференция оқу орындарының базасында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін, шешімдерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңы қызметін атқарады. Конференцияға Алматы қаласы бойынша Жергілікті атқарушы органдар және Экология департаментінің өкілдері, сондай-ақ басқа оқу орындарының өкілдері қатысады.