КОНСТАНТИН ВИКТОРОВИЧ ЕРМОЛАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

КОНСТАНТИН ВИКТОРОВИЧ ЕРМОЛАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

05.01.2023 Барлық жаңалықтар


05 қаңтарда бокстан КСРО спорт шебері, Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Константин Викторович Ермолаев өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. 

Константин Викторович Ермолаев 1973 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 12 жасынан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Хамит Абубакирович Бараевтың басшылығымен бокспен айналыса бастады. 

1990 жылдан КСРО жастар құрамасының құрамына кірді. 1991-1993 жылдары ҚР Қарулы Күштерінде қызмет атқарды. 

1998 жылы Қазақ дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру және спорт» факультетін «дене шынықтыру және спорт жаттықтырушы-оқытушысы» біліктілігі бойынша бітірді.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді.

Константин Викторовичтің спорттағы жетістіктері:

2017 жылдың қыркүйегінен бастап АЭжБУ-да жұмыс істеп келеді. Ол жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысымен белсенді айналысады, өзінің кәсіби деңгейін арттырады, студенттер арасында спорттық тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және университеттің мәдени әрі спорттық-бұқаралық қызметін жан-жақты жетілдіреді. Университет студенттері мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды белсенді түрде насихаттайды.  Жыл сайын бокстан ашық чемпионат өткізеді. Студенттермен «Спорттық Алматы», «Парасат» кәсіптік одағының спартакиадаларына қатысады. Бокстан КСРО спорт шеберінің нормативтерін орындады.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері арасында үлкен құрметке ие.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық, барлық жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейді! Сіздің біліктілігіңіз бен адалдығыңыз елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!