AUPET IT CAMP

AUPET IT CAMP

13.01.2023 Барлық жаңалықтар


Құрметті Алматы қаласының оқушылары!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 8-11 сыныптарда оқитын Алматы оқушыларын 30.01.2023 - 03.02.2023 аралығында «AUES IT CAMP» қысқы мектебінен өтуге шақырады.

AUES IT CAMP – бұл 8-11 сынып оқушылары Phyton тілінде бағдарламалау бойынша интерактивті семинарлардан өтетін 5 күндік лагерь. Қысқы мектепте Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың тәжірибелі ұстаздарынан білім ала алады, ал ол білімнің болашақ мамандық таңдауда септігі тиетіні сөзсіз. Сіз Университетте тек бағдарламалауды меңгеріп қана қоймай, жаңа достар таба аласыз.  Орындар саны шектеулі, сол себепті тезірек жазылып үлгеріңіз. Оқу тегін! Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

Курсқа тіркелу үшін https://forms.gle/d7x6JzsSzNtq7T9r8 сілтемесі бойынша қажетті форманы толтырыңыз.

Қысқы мектеп кестесін университет сайтынан табуға болады. Барлық сұрақтар бойынша: isk@aues.kz хабарласыңыз.

Болашақта қай мамандықты таңдарыңызды және кім боларыңызды білмесеңіз, АЭжБУ-ге келіп, бағыт-бағдар алыңыз.