Университетіміздің "Qyzdar-Ai" құрама командасы жүлделі II орын иеленіп, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша ВТк-20-1 тобының студенті Долқын Ақнар марапатталды

Университетіміздің

21.02.2023 Барлық жаңалықтар


18 - ақпан күні    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары арасында Жайдарман «Абай кубогы» өтті. Маусым бойы үздік деп танылған 4 команда финалда бас жүлде үшін бақ сынады.  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің  атынан намысын қорғап ақтық мәреде «Qyzdar-Ai» құрамасы керемет деңгейде ойын көрсетті.

Ойын нәтижесінде университетіміздің "Qyzdar-Ai" құрама командасы жүлделі II орын иеленіп, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша ВТк-20-1 тобының студенті Долқын Ақнар марапатталды. Белсенділерімізді құттықтай отыра, келесі сайыстарда сәттілік тілейміз!