Студенттер арасындағы конференция «Қазіргі әлемнің өзекті мәселелері мен инновациялары»

Студенттер арасындағы конференция «Қазіргі әлемнің өзекті мәселелері мен инновациялары»

23.02.2023 Барлық жаңалықтар


Ғылымға алғашқы қадам

2023 жылдың 22 ақпанында Тіл білімдері кафедрасы 1 курс студенттері арасында «Қазіргі әлемнің өзекті мәселелері мен инновациялары» тақырыбында студенттік конференция ұйымдастырып өткізді.

Конференцияның мақсаты - студенттердің зияткерлік  шығармашылығын дамыту, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, жаңа ғылыми білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Конференцияға қатысу үшін  50-ден астам баяндама ұсынылды. Конференция  жұмысын қорытындылай келе, ұйымдастыру комитеті баяндамашылардың  жоғары деңгейде дайындалғандарын, ұсынылған  баяндамалардың барлығының  да  өзекті және өте қызықты болғандығын атап өтті. Бұл өткізілген студенттік конференция  студенттердің өздерінің таңдап алған   мамандықтарына  деген қызығушылықтарының және  ғылыми-зерттеу мен инновацияларға   деген ынталарының артқанын көрсетті.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушы студенттерді дайындаған және осы конференцияны  ұйымдастыруға атсалысқан оқытушылар еңбегі де  атап өтілді.

Ұсынылған материалдар мен конференцияның Ұйымдастыру комитетінің шешімі негізінде конференция жеңімпаздары  анықталды:

«Орыс тілі» секциясы бойынша

1 орын  -  Тажаяқ Нұржан, Омархан Дидидар (СИБк-22-9)

2 орын - Раимбек Елболат (ЭЭк-22-4)

2 орын - Мизами Береке (СИБа-22-16)

3 орын - Сұлтанова Нурай (СИБк-22-4)

3 орын - Өзтемір Нурбану (ВТПОк-22-2)

3 орын - Аширбек Алишер (РЭТк-22-1)

«Қазақ тілі» секциясы бойынша

1 орын – Сантбаев Б. (СИ-22-4)

2 орын – Муханалиев А. (ЭЭ-22-10)

2 орын –  Бақытов Б. (ИС-22-5)

3 орын – Пак Л. (СИ-22-3)

3 орын – Есмұратова А. (ЭИ-22-2)

3 орын – Мырзашев Б. (СИБ-22-12)

«Ағылшын тілі» секциясы бойынша

1 орын  – Айбар Темірлан (АУа-22-9)

1 орын – Нускабай Сандугаш (СИБк-22-9)          

2 орын – Сатикул Нурахмет (СИБа-22-16)

2 орын – Ахметкалиев Ильяс (ЭЭС-22-3)

2 орын – Тлеуберды Нұрлы (АУа-22-9)

3 орын – Зинагазов Зерде (ПИк-22-1)

3 орын – Нұрдаулет Рахим (ЭЭк-22-8)

3 орын – Муратова Камилла  (СИБ-20-3)  

«Неміс тілі» секциясы бойынша

1 орын – Уалиев Азамат (СИ-22-4)

1 орын – Бисешев Дамир (СИк-22-2)

2 орын – Уразбаев Чингиз (СИк-22-1)

2 орын – Нурбеков Ернур (СИ-22-3)

3 орын – Дуйсембек Анель (СИк-22-1)

3 орын – Шенгелбай Аружан (СИк-22-1)

3 орын – Абуов Ерасыл (СИк-22-1)