"Халықаралық ғылыми симпозиум: Energo University-де жоғары білім беруді интернационалдандыру"



23.10.2023 Барлық жаңалықтар


2023 жылғы 19 қазанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің алаңында Миннесота университетімен (АҚШ) ынтымақтастықта «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» тақырыбында халықаралық ғылыми симпозиум өтті.

Халықаралық деңгейде ғалымдар, зерттеушілер мен педагогтарды біріктіретін іс-шараның негізгі мақсаты халықаралық ынтымақтастық, білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістер мен жалпы проблемаларға шолу болды. Бұл бастамалар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. «Біз ғалымның инноватор ретіндегі, әлемді және елімізді алға тартатын және жақсартатын адам ретіндегі мәртебесін қайтаруымыз керек», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

АЭжБУ КеАҚ ректоры Мұрат Сыздықов, Миннесота университетінің Білім және адам дамуы колледжінің халықаралық бастамалар директоры, сондай-ақ Миннесота университетінің Білім және адам дамуы колледжінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, әртүрлілік және халықаралық бастамалар факультеті деканының орынбасары, профессор Никола Александер қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның жүргізушісі Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айнур Бегимбетова болды. Симпозиумда UMN, АЭжБУ, Әуезов атындағы ОҚУ, QYZPU, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ALMAU, SDU, Satbayev University университеттерінің ғалымдары мен қызметкерлерінің баяндамалары айтылды.

Жиналғандар әріптестерімен панельдік пікірталастарға қатысуға, сондай-ақ жаһандық серіктестік, виртуалды ынтымақтастық, жергілікті және халықаралық қауымдастықтың қатысуы тақырыптары бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Біз тек озық әлемдік тәжірибені зерделеу негізінде, өзара байыта отырып, бір-бірімізден үздік білім беру әдістемелерін ала отырып, халықаралық құзыреттерге ие және халықаралық мәртебе мен деңгейге сәйкес келетін мамандарды даярлауға болатындығын түсінеміз.

ENERGO UNIVERSITY