14.11.2023 Барлық жаңалықтар
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы аясында АЭжБУ КеАҚ-ға Берлин экономика және құқық Жоғары мектебінің (Германия) профессоры, «Жел энергетикасы» бағыты бойынша инженерлік ғылымдардың докторы Юрий Плоткин келді.
Профессор Ю. Плоткин «Жаңғыртылатын және баламалы энергия көздері», «Электр энергетика» кафедраларының оқытушылық қызметіне қатысып, «В062-Электртехника және энергетика» білім беру бағдарламалары тобының бакалавриат студенттеріне келесі тақырыптар бойынша дәрістер өткізді:
- «Жаңғыртылатын энергия көздеріне кіріспе, желіге кіріспе, жел турбиналарына қысқаша кіріспе, желі жиілігін басқару»;
- «Жел энергетикалық қондырғылар: желілерге қосылу шарттары, топологиялар; электр өрістері, күштік электроника: шұралар, қағидаттық сұлбалар»;
- «WKA интеграциясы үшін желілерді жобалау, күн энергиясына қысқаша кіріспе»;
- «Үш фазалы жүйелер, ESB трансформаторы, айналушы өрістің генерациясы»
және басқалар.
Ғалым Ю. Плоткин оқу процесіне қатысумен қатар, магистранттар мен докторанттарға диссертациялар бойынша кеңес берді және ғылым саласындағы ынтымақтастық нәтижесінде кафедра оқытушыларымен бірлескен мақалалар жазуды жоспарлады.
Жаңғыртылатын энергетика саласындағы шетелдік ғалымдармен халықаралық ынтымақтастық «жасыл» технологияларға жаһандық энергетикалық көшуді жүзеге асыру үшін кадрларды кәсіби даярлаудың сапасы мен әмбебаптығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқытуды неғұрлым тартымды және беделді етеді.