Жетысу ашық лигасының

Жетысу ашық лигасының

16.11.2023 Барлық жаңалықтар


10 қараша күні Жетісу обылысының ұйымдастыруымен “Жетісу ашық Жайдарман лигасы” ойындарының финалдық кезеңі өтті. Университетіміздің намысын “Аққулар мекендейтін кішкентай көлшік” командасы қорғады. Атап өткенде, Қаржаубаев Нұрғали ЭАМк-20-1, Долқын Ақнар ВТ(Пи)к-20-1, Құдайберген Нұрлыбағым КТТк-20-1, Тилеубек Айдын БЖДка-23 тобының студенттері университетіміздің мәртебесін жан-жақты қорғап жүр. Ойынға облыстың жан-жағынан 20-шақты команда қатысты. Финалдық кезеңге 5 команда өтті. Редакторлық жұмыстар 2 күнге созылды.

Жетісу обылысы чемпиондарына Астана қаласында өтетін Чемпиондар лигасына жолдама ойнатқан болатынын атап өткен жөн. Сол жолдама мен қаржылай сый біздің еншімізге кетті! Аққулар мекендейтін кішкентай көлшік командасын шын жүректен құтықтаймыз! Алдағы ойындарына сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!