Energo University-де Жайдарман бойынша ашық қалалық студенттер лигасы басталды

Energo University-де Жайдарман бойынша ашық қалалық студенттер лигасы басталды

27.11.2023 Барлық жаңалықтар


Energo Jaidarman league Студенттік бастамаларды қолдау, Жайдарман жастар әзіл-оспақ қозғалысын танымал ету және Қазақстан КВН одағының Республикалық ойындарының болашақ чемпиондарын тәрбиелеу үшін құрылған.

Ағымдағы жылда 11 команда қатысуға өтініш берген болатын, солардың 6-уы Energo University-ді ұсынады:

«Угар-ай» - Energo University

«Олигарх» - Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ

«Комета» - Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ

«Межфак тарландары» - Energo University

«Аққулар мекендейтін кішкентай көлшік» - Energo University

«Шашкина 14» - Energo University

«Ұлағат» - Energo University

«52 кв» - Energo University

«Абайла» - Абай атындағы ҚазҰПУ

«Демеушіміз АТУ» - Алматы технологиялық университеті

«Қайнарио» - Қайнар Академиясы

 

Жұлдызды қазылар алқасы көңілді және тапқырлардың әзілдерін бағалады:

− "Аялдама" Қазақстан КВН Одағының Жоғары лигасы командасының қатысушысы - Боранбаев Бирлик;

− Актер, стендапер, блогер, «Аялдама» Қазақстан КВН Одағының Жоғары лигасы командасының қатысушысы - Ниязбаев Есентай;

− Energo University студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы - Шубай Рамазан;

− «Энерго» Қазақстан КВН Одағының Жоғары лигасы командасының қатысушысы - Нуржан Арман;

     - Basliga 2021-2022 «Алатау SU», «Не торопись»  қатысушысы - Сейтомаров Нурдаулет.

1\2 ойын нәтижесі бойынша келесі кезеңге өтті:

"Угар-ай", "Олигарх", "Комета", "Межфак тарландары", "Аққулар мекендейін кішкентай көлшік", "Шашкина 14", "Ұлағат" және "52 кв".

Фестиваль барысында керемет дайындық көрсетіп, кубокты жеңіп алған "Межфак тарландары" командасына жеке құттықтауларымызды арнаймыз.

Energo Jaidarman league маусымының екінші жартысы 2024 жылдың ақпан айының соңында өтеді.