«Орталық Азия елдеріндегі энергетикалық ауысу және жаңартылатын энергетика»: Energo University-де Қырғызстаннан келген әріптестеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

«Орталық Азия елдеріндегі энергетикалық ауысу және жаңартылатын энергетика»: Energo University-де Қырғызстаннан келген әріптестеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды.


13.12.2023 Барлық жаңалықтар


4-8 желтоқсан аралығында Energo University-де Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігінің, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің «Қырғыз Республикасы энергетикасындағы әйелдер» қауымдастығының өкілдерін қоса алғанда, Қырғызстаннан келген әріптестер үшін ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Энергетика және жасыл технологиялар институты базасында «Орталық Азия елдеріндегі энергетикалық ауысу және жаңартылатын энергетика» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізілді.

-Қатысушылар бір апталық курс барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы кәсіби дағдыларды арттыру арқылы Орталық Азиядағы энергетика секторын өгертуді жүзеге асыру мүмкіндіктері мен тәжірибелерімен бөлісті, - деді Energo University-дің Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айнур Бегимбетова.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен іс-тәжірибелік дайындық мақсатында курс тындаушылары Ш. Шоқин атындағы Қапшағай су электр станциясына және Шелек дәлізіндегі жел электр станциясына барды. Бұл нысандар "жасыл" энергетика секторына жатады және көміртексіздендіру стратегиясы іргетасының маңызды және тұрақты элементтері ретінде қарастырылады. Стратегияның басты мақсаты энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу болып табылады.

Энергетика және жасыл технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY