Energo University психологтары студенттер үшін қазіргі әлемдегі зорлық-зомбылық мәселелері тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Energo University психологтары студенттер үшін қазіргі әлемдегі зорлық-зомбылық мәселелері тақырыбында семинар ұйымдастырылды


13.12.2023 Барлық жаңалықтар


6-желтоқсанда Energo University психологиялық қызметі студенттерге тақырыптық семинар ұйымдастырды. Шақырылған спикерлер: "SOS Алматы Балалар ауылы" ЖББМ әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі директордың орынбасары - Татьяна Мишина, «Дағдарыс Орталығы одағының» БЗТ психологы - Сабина Кенжина және «Жан-Сая» дағдарыс орталығының психологы - Маржан Изтлеуова  өткір мәселелерді қозғады:

Қатысушылар үлкен қызығушылық пен белсенділікті танытты. Ашық, сондай-ақ жасырын түрде QR арқылы сарапшыларға зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, оларға толық жауаптарды алды.

Мамандар студенттерге пайдалы ұсыныстарды беріп, сонымен қатар қатыгездікке немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметтердің байланыс нөмірлерімен бөлісті.

ҚР-дағы құқықтарды қорғау жөніндегі уәкілетті ұйымдар:

— Қорғаншылық және қамқоршылық органы

— Білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті

— Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны 150

— Сенім телефоны 111

— Полиция 02 телефоны бойынша немесе бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет телефонына-112

ENERGO UNIVERSITY