Energo University қызметкерлері психология ғылымдарының докторы, профессор Асылбекова Лейла Өмірзаққызының бірегей тренингіне қатысты

Energo University қызметкерлері психология ғылымдарының докторы, профессор Асылбекова Лейла Өмірзаққызының бірегей тренингіне қатысты


22.12.2023 Барлық жаңалықтар


20-21 желтоқсан аралығында профессор, психология ғылымдарының докторы, логикалық, мінез-құлық және эмоционалды интеллектті анықтауға арналған жеке тұлғаны кешенді бағалауды әзірлеуші-автор - Асылбекова Лейла Умурзаковна Energo University қызметкерлеріне «Ұйымдастырушылық мінез - құлық және даму» тақырыбында тренинг өткізді.

Energo University-дің Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар институтының тілдер кафедрасы ұйымдастырған іс-шара аясында шиеленістер мен күйзелулер, жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы, ашықтық пен қарым-қатынас, корпоративтік мәдениет және этика мәселелері қозғалды.

Тәжірибелі дәріскер тыңдаушылармен өзінің жеке тұлғасында өршіл, бірақ орындалатын міндеттер қоюға дайындықты қалыптастыруға және ұжымды мақсаттарға жетуге шабыттандыру қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін өзінің бірегей тәсілімен бөлісті.

Жаратылыстану -гуманитарлық ғылымдар институты

ENERGO UNIVERSITY